Silk Way Star – салтанатты жеребе тарту рәсімі өтті
АСТАНА. KAZINFORM – «Silk Way Star» шоуының салтанатты жеребе тарту рәсімі аяқталып, гранд финалға қатысушылар анықталды.
Тізім реті мынадай:
- Язмин Азиз
- Автандил Абесламидзе
- Чжан Хе Суань
- Саро Геворгян
- Мишель Джозеф
- Мадинабону Адылова
- ALEM
– Бұл жерде ең бастысы – бірлік және достық. Бұл мегажобаға қатысқанымызға қуаныштымыз. Мен үшін кім жеңсе де маңызды емес. Бірақ сіздер біздің тағдырымызды шешесіздер, сондықтан өз жеңімпаздарыңызды таңдаңыздар. Міндетті түрде ерінбей дауыс беруді сұраймын, – деді ALEM.
Айта кетейік, алғашқы кезеңде сахнаны ашқан ALEM ертеңгі финалда соңғы болып шығуы жоспарланған.
– Қолдап, қарап жүргендеріңізге рахмет. Біз Қазақстан халқының жылы қабылдауын сезіп отырмыз. Бұл шоу аяқталып жатқаны өкінішті, бірақ алда әлі көптеген қызықты жобалар бар, біз әлі көптеген байқауларға қатысамыз, – деп Мадинабону Адылова көрермендерге алғысын білдірді.
Айта кетейік, Silk Way Star жобасының Армениядан келген финалисі даралығы мен тұрақты табысын көрсеткенін жаздық.