Синоптиктер Қазақстан қалаларындағы ауа сапасы туралы айтты

АСТАНА. KAZINFORM - «Қазгидромет» РМК 5 қарашадағы Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

Бүгін екі қалада ауа сапасы нашарлайды
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Синоптиктердің болжамы бойынша, 5 қарашада Қазақстан қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтілмейді.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Еске салсақ, Алматы қаласында ауа сапасының нашарлағаны туралы жаздық.

Соңғы жаңалықтар