Сирия астанасында жарылыс болды

АСТАНА. KAZINFORM — Сирия астанасы Дамаскіде жарылыс болды, деп хабарлайды Синьхуа.

Дамаск Сирия бойынша жан-жақты атысты тоқтату туралы хабарлады
Фото: Анадолы

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, қала орталығындағы Бостандық көпірі (бұрынғы президент көпірі) маңында акустикалық бомба жарылған. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

Оқиға Сирияның бұрынғы президенті Башар Асад үкіметінің құлауының бір жылдығына арналған іс-шараларға дайындық кезінде болған.

Қазір Дамаск пен елдің басқа қалаларында қауіпсіздік шаралары күшейтілді. 

Былтыр дәл осы күні Хаят Тахрир әш-Шам жауынгерлері мен онымен одақтас топтар Сирияның солтүстігінен өтіп, ел астанасын басып алған болатын. Олардың шабуылынан Башар Асад Ресейге қашып кетті.

Айта кетейік, БҰҰ өкілі Сириядағы барлық қылмысты тергеуге шақырған болатын. 

Соңғы жаңалықтар