Сирияның Хомс қаласы мешітіндегі жарылыстан сегіз адам қаза тапты
АСТАНА.KAZINFORM - Сириядағы ішкі тұрақсыздық пен азаматтық нысандардың осалдығына байланысты тағы бір зорлық-зомбылық оқиғасы туындады.Жұма күні Сирияның Хомс қаласының Вади ад-Дахаб ауданында орналасқан Имам Әли ибн Әби Талиб мешітінде жарылыс болды. Бұл туралы Сирияның SANA ақпарат агенттігі хабарлады.
Сирия Денсаулық сақтау министрлігінің жаңартылған ақпаратына сәйкес, сегіз адам қаза тауып, 18 адам жарақат алды. Барлық құрбандар Карам әл-Луз ауруханасына жеткізілді.
Photos show some of the injured from the explosion inside the Imam Ali ibn Abi Talib Mosque in the Wadi al-Dahab district receiving treatment at Karam al-Louz Hospital in Homs#Homs#explosion#Mosque pic.twitter.com/Ebuj64zxDR
— SANA English (@SANAEnOfficial) December 26, 2025
Жарылыс жұма намазы кезінде болған.
Сирияның Ішкі істер министрлігі ішкі қауіпсіздік бөлімшелері аймақты тез арада қоршауға алғанын, ал тиісті мекемелер тергеу мен дәлелдер жинауды бастағанын мәлімдеді.
Алдын ала тергеу деректері бойынша, оқиға мешіттің ішіне қойылған жарылғыш құрылғылардан болған. Әзірге ешбір топ шабуыл үшін жауапкершілікті мойнына алған жоқ.
Соңғы айларда елде үкімет ауысқаннан кейін Хомс және Сирияның басқа аймақтарында сектанттық шиеленістерге байланысты оқиғалар мезгіл-мезгіл орын алып отырды.
Осыған дейін Сирияның қауіпсіздік күштері Дамаскіде ДАИШ лаңкестерінің жетекшісін ұстағаны туралы жадық.