03:05, 17 Ақпан 2026 | GMT +5
Сирияның Сувейде провинциясында жарылыс болды
АСТАНА. KAZINFORM – Сирияның оңтүстігіндегі Сувейда провинциясы аумағында оқ-дәрі тиелген автокөліктің жарылуы салдарынан көптеген адам жарақат алды, деп хабарлайды Анадолы.
Сирияның мемлекеттік El-Ihbariyye телеарнасының хабарлауынша, жарылыс Сувейда провинциясына қарасты Эль-Курейя елді мекенінде қару-жарақ пен оқ-дәрі тиелген көлікте болған. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, оқиға салдарынан көп адам жараланған.
Жарылыс оқ-дәрі тиелген көлік Сұлтан Паша әл-Атраш кесенесінің маңынан өтіп бара жатқан сәтте тіркелген.
Осыған дейін Еуроодақ Сирия билігі мен демократиялық күштері арасындағы келісімді құптағаны туралы жаздық.