Сыртқы қарыздардың пайыздық мөлшерлемесі қандай
АСТАНА. KAZINFORM – Қаржы министрлігі Kazinform сауалына жолдаған жауабында мемлекеттік бағалы қағаздарды нарыққа шығару арқылы тартылған сыртқы қарыздардың пайыздық мөлшерлемесін атады.
«Сыртқы капитал нарықтарында мемлекеттік бағалы қағаздар республикалық бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін шығарылады. Бұл ретте қолданылатын купондық мөлшерлемелер нарықтың қалыптасқан конъюнктурасына байланысты болады», - деп жазады министрліктегілер.
Төмендегі кестеден сырттан алынған қарыздардың ішінде рубль облигацияларының пайыздық мөлшерлемесі ең жоғары екенін көруге болады.

Бұған дейін Қазақстан Үкіметі қай елге қанша қарыз екенін жазған болатынбыз.
Жыл басынан бері Үкімет ішкі нарыққа мемлекеттік бағалы қағаз шығару арқылы 4 трлн 996,6 млрд теңге қарыз тартқан.