Си Цзиньпин Дональд Трампты АҚШ-тағы президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады

АСТАНА. KAZINFORM — Қытай төрағасы Си Цзиньпин Дональд Трампқа АҚШ-тағы президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы бейсенбі күні Синьхуа ақпарат агенттігі хабарлады. 

Си Цзиньпин
Фото: Ақорда

Құттықтаудың толық мәтіні әлі жарияланған жоқ. Дегенмен, Синьхуа агенттігі Си Цзиньпиннің кейбір мәлімдемелеріне сілтеме жасады, онда Қытай басшысы Қытай мен АҚШ-ты диалог пен байланыстарды нығайтуға, келіспеушіліктерді дұрыс шешуге және өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтуге шақырды.

«Қытай мен АҚШ ынтымақтастықтан ұтады және текетірестен ұтылады… тұрақты, берік және орнықты қытай-американ қарым-қатынастары екі елдің мүддесіне қызмет етеді және халықаралық қауымдастықтың үмітін ақтайды», — деп келтірді агенттік Си Цзиньпиннің сөзін.

Бұған дейін ҚХР СІМ АҚШ-тағы президенттік сайлаудағы Дональд Трамптың жеңісіне байланысты мәлімдеме жасаған болатын.

«Біз Америка халқының таңдауын құрметтейміз және Трамп мырзаны АҚШ президенті болып сайлануымен құттықтаймыз», — деді Қытай СІМ ресми өкілі.

Камала Харрис Дональд Трампқа қоңырау шалып, президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады. 

Бұған дейін хабарланғандай, АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп сайлауда жеңіске жетіп, Ақ үйге оралды. Оған берілген дауыстар саны басты қарсыласы Камала Харристен басым түсті.

Еуропарламент фракциясының тең төрағалары Трампты жеңісімен құттықтады. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Америка Құрама Штаттары Президентінің сайлауында айқын жеңіске жеткен Дональд Трампқа құттықтау жеделхатын жолдады. 

Соңғы жаңалықтар