Си Цзиньпин жер сілкінісінен зардап шеккен Тибетке қолдау көрсетуді тапсырды
АСТАНА. KAZINFORM — ҚХР төрағасы Си Цзиньпин жер сілкінісі болған Тибет автономиялық аймағының тұрғындарын құтқару және оларға көмек көрсету үшін барынша күш салуды бұйырды, деп жазады ТАСС .

— Адамдарды іздестіру және құтқару, зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету және ықтимал шығынды мүмкіндігінше болдырмау үшін бар күш-жігерді салу керек, — деді Қытай басшысы.
Си Цзиньпин түсіндіріп өткендей, ҚХР-дың құзырлы ведомстволары екінші реттік төтенше жағдайларға әкелетін тәуекелдерді де жоюы керек.
Сондай-ақ, эвакуацияланғандар мен зардап шеккендерге оңтайлы жағдай жасау тапсырылды.
Синьхуа ақпарат агенттігінің мәліметінше, қазір жер сілкінісінен зардап шеккен Сицзан аймағында төтенше жағдай жарияланды.
Еске салсақ, Сицзан автономиялық ауданы (Қытайдың оңтүстік-батысы) Шигацзе қаласындағы Динжи уезінде магнитудасы 6,8 балдық жер сілкінісі болды. Табиғи апат салдарынан 53 адам көз жұмды.