СҚО-да 108 сыныптың оқушылары ЖРВИ-ге байланысты онлайн оқып жатыр

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – Солтүстік Қазақстан облысында жіті респираторлық вирустық инфекция жұқтырған оқушылар саны азайып келеді. Десек те әлі де 30 мектепте оқытудың онлайн форматы енгізілген.

Көкшетауда екінші ауысымдағы 1-9 сынып оқушылары онлайн оқиды
Фото: Pixabay

СҚО білім басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, өткен үш күнмен салыстырғанда сырқаттанған оқушылар саны шамамен 600-ге қысқарған. Қазіргі уақытта 30 мектептен 579 бала ауырып жатыр. Оқушылардың 30% астамы мектепте болмағандықтан 108 сыныптың 809 оқушысы қашықтан оқуға жіберілді. 

Қазіргі уақытта Шал ақын ауданы Ақсу орта мектебі, Власовка орта мектебі және Аққайың ауданының А.Хименко атындағы Қиялы орта мектебі толық онлайн форматқа көшірілген. 

Ішінара қашықтан оқуға көшірілген 27 мектептің он бірі Петропавлда орналасқан. 

Сондай-ақ Аққайың ауданында 2 мектеп, М.Жұмабаев, Тимирязев, Жамбыл аудандарында – 4, Тайынша, Уәлиханов аудандарында – 1 білім ордасында сыныптар уақытша қашықтан оқуға көшірілді. 

Жұқпалы вирустық инфекцияның таралуын азайту үшін өңірдің білім беру мекемелері «бір сынып – бір кабинет» жүйесін енгізген. Сондай-ақ маска тағу міндеттелді. 

Бұған дейін СҚО-да ЖРВИ-мен ауырғандарды қосымша қабылдауға 55 орын дайын тұрғанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар