СҚО-да 16 сынып қашықтан оқып жатыр

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – Солтүстік Қазақстан облысында жіті респираторлық вирустық инфекцияға байланысты 7 мектептің 169 оқушысы онлайн форматта білім алып жатыр.

дистанционное обучение қашықтан оқыту дети компьютер балалар
Фото: Мухтор Холдорбеков/ Kazinform

СҚО білім басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл жеті мектепте 88 бала ауырған. Өткен жұма күнмен салыстырғанда, сырқаттанған балалар саны 240-қа азайған. 12 желтоқсан күні қашықтан оқыған сыныптар саны 66 болса, қазір олардың 16-сы ғана қалған.

- Аққайың ауданы Шағлы орта мектебі толық онлайн форматта оқып жатыр. Петропавлда екі мектеп - Бірінші гимназия мен А.Байтұрсынов атындағы № 9 орта мектеп ішінара және Аққайың, М.Жұмабаев аудандарында бір мектепте, Қызылжар ауданында 2 мектепте сыныптар қашықтан оқуға көшірілген. Жағдай бақылауда. Мектептерде «1 сынып – бір кабинет» жүйесі сақталып, маска тағу, сыныптарды жиі санитарлық өңдеу талаптары міндеттелді, - дейді басқарма мамандары.

Бұған дейін Ақтөбеде оқушылар ауа райына байланысты бүгін қашықтан оқып жатқанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар