СҚО-да 28 жастағы әйелдің өліміне қатысты тергеу жүргізілуде
«Пески ауылының маңындағы Есіл өзенінен балықшылар жас әйелдің мәйітін тапты. Қаза тапқан келіншектің аяқ-қолдары байлаулы болған. Белглі болғандай, жапа шегуші 1988 жылы туған Пески ауылының тұрғыны. Мамыр айының соңында оның жоғалу фактісі бойынша іздеу ісі қозғалған. Полицейлер мен туыстары осы уақыт бойы оны іздеген. Оның мәйітінің табылуы әйелді өлтірді деген нұсқаны растады», - делінген хабарламада.
Аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен қаза тапқанның бұрынғы күйеуі ұсталды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары кезінде ол кінәсын мойындады. 26 мамырға қараған түні болған дау кезінде ол бұрынғы әйелін ұрып өлтірген. Кейін оның мәйітін Есілге тастаған. 2015 жылы некесін ресми түрде бұзған екеуінде кәмелет жасқа толмаған екі баласы қалды.
«Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған қатысты қамауға алу шарасын қолдану жоспарланған. Іс бойынша бірқатар тиісті сараптама тағайындалды», - деді Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық ІІБ басшысының орынбасары полиция капитаны Азат Құсайынов.