СҚО-да 600-ге жуық референдум учаскесі құрылған

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – Солтүстік Қазақстан облысында 15 наурызда өтетін республикалық референдумда 596 референдум комиссиясы жұмыс істейді.

в
Фото: БҚО аумақтық референдум комиссиясы

Маңызды іс-шара қарсаңында облыс аумағында ауқымды ұйымдастыру жұмыстары қолға алынды.

СҚО аумақтық референдум комиссиясының мәліметінше, жалпы өңір бойынша 596 референдум комиссиясы жұмыс істесе, оның 15-і – аумақтық, ал 581-і – учаскелік референдум комиссиялары болмақ. 

- Облыс көлемінде барлығы 581 референдум учаскесі құрылған. Ең көп – 98 учаске Петропавлда, ең азы – 25 учаске Аққайың ауданында орналасады. Комиссия құрамында 3 мыңнан астам адам еңбек етеді. Олар дауыс беру процесінің заң талаптарына сәйкес әрі ашық өтуін қамтамасыз етеді.

Сондай-ақ, референдумды ұйымдастыру мен өткізу барысы қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жүзеге асырылады, - деді СҚО аумақтық референдум комиссиясының өкілдері.

Дауыс беруге құқылы азаматтардың нақты саны туралы мәліметті жергілікті атқарушы органдар 22 ақпанда жариялайды.

Бұған дейін Конституция жобасына қатысты референдум қорытындысы 21 наурызға дейін жарияланатындығын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар
Референдум