СҚО-да әкімдік жалғызілікті анаға күрделі жөндеуді қажет ететін баспана берген

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев елді мекенінің тұрғыны жергілікті әкімдіктің коммуналдық тұрғын үй қорынан берген баспанасына көңілі толмайды. Жалғызілікті ананың айтуынша, ол пәтерде тұру мүмкін емес.

СҚО-да күрделі жөндеуді қажет ететін тұрғын үй
Фото: my_life_petropavlovsk
апатты үй
Фото: my_life_petropavlovsk

Виолетта есімді келіншек бағдарлама бойынша алған пәтерінің фотоларын әлеуметтік желіде жариялады. Баспанаға күрделі жөндеу қажет. Терезесі мен қабырғалары ғана бар. Қалғанын бәрін ауыстыру керек.

«Ылғалдан пәтердің едені шіріп кеткен. Қабырғаларын көк басқан. Қазір қыс уақытында бұл үйде тұру мүмкін емес. Жылыту жүйесі дұрыс істемейді, электр жылытқыштарды күні-түні жағу керек, салдарынан электр қуаты үшін үлкен төлем шығады. Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінен көмек сұрап апта сайын бардым, алайда олар шара қолданар емес», - дейді жалғызілікті ана.

апатты үй
Фото: my_life_petropavlovsk

Тимирязев аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі осы мәселеге қатысты жауап берді.

«Пәтерде еден жабынын ауыстыру бойынша ағымдағы жөндеу жүргізілді. Коммуналдық тұрғын үй қорынан пәтер алуға кезекте тұрғандарға таңдау үшін қолда бар баспаналар алдын ала көрсетіледі, кезекте тұрғандардың келісімінен кейін тұрғын үй беріледі. Осы пәтерді беру кезінде Сізге пәтерде ағымдағы жөндеу жұмысын өзіңіз жүргізетіндігіңіз айтылып, келісілді. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөліміне жүгінгеніңізде сізге таңдау үшін қол жетімді нұсқалар көрсетілді. Сіз бұл пәтерді өзіңіз таңдадыңыз. Сондай-ақ, сіз жариялаған фотосуреттер еденді бөлшектеу жұмыстары басталған кезде түсірілген», - делінген жауапта.

апатты үй
Фото: my_life_petropavlovsk

Бұған дейін Петропавлда мүгедектігі бар адамдардың би үйірмесі жабылып қалғанын жазған едік.

дәретхана
Фото: my_life_petropavlovsk
апытты үй
Фото: my_life_petropavlovsk

 

Соңғы жаңалықтар