СҚО-да биыл көші-қон заңнамасын бұзудың 3 мыңнан астам дерегі анықталды

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM - Солтүстік Қазақстан облысында көші-қон қызметінің мамандары шетел азаматтарының елде заңды тұру және еңбек етуге рұқсаттарының бар-жоғын тексеріп жатыр.

Мигрант
Фото: СО Полиция департаменті

Тексеру жұмыстары 17 наурызда басталған «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында қолға алынған.

СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, тәртіп сақшылары әсіресе базарлар, вокзалдар, құрылыс нысандары, фермерлік шаруашылықтар мен фастфуд павильондарын ерекше бақылауға алды.

көші-қон
Фото: СҚО Полиция департаменті

Жыл басынан бері облыс аумағында көші-қон заңнамасын бұзудың 3334 дерегі тіркелген. Сонымен қатар Қазақстанның әкімшілік заңнамасын бірнеше рет бұзған 10 шетел азаматы ел аумағынан шығарылды.

Мамандардың айтуынша, ең жиі кездесетін заңбұзушылықтардың бірі — қазақстандықтардың шетелден келген қонақтар туралы көші-қон қызметіне дер кезінде хабарламауы. Сондай-ақ шетел азаматтары елде болу мерзімін жиі бұзады.

Қазіргі таңда СҚО-да 11 мыңға жуық шетел азаматы тұрады. Оның ішінде 6 347 адам тұрақты негізде өмір сүрсе, ТМД елдерінің 4 428 азаматы уақытша тұруға рұқсат алған.

көші-қон
Фото: СҚО Полиция департаменті

Бұған дейін Қарағанды облысында көші-қон заңнамасын бұзған азаматтар анықталғанын жазған едік.

 

Соңғы жаңалықтар