СҚО-да халық арасындағы өлімнің негізгі себебі айтылды

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – Солтүстік Қазақстан облысында алғашқы тоқсанда 1081 нәресте туса, 1542 адам қайтыс болды.

аурухана
Фото: Үкімет

Жалпы қазір халық саны СҚО-да шамамен 520 мың шамасында. Ұлттық статистика бюросының СҚО бойынша департаментінің мәліметінше, дүниеге келгендердің 576-сы – ұл, ал 505 – қыз бала. Нәрестелердің 439-ы немесе 40,6%-ы облыс орталығында туды. Бұл Петропавлда туу белсенділігінің жоғары екенін көрсетеді.

Аудандар арасында ең жоғары туу коэффициенті Уәлиханов ауданында тіркелген, кейінгі орында Ақжар ауданы келеді. Ал ең төменгі туу деңгейі М.Жұмабаев ауданында, Қызылжар ауданында, сондай-ақ Мамлют және Есіл аудандарында.

Өңірдегі жалпы өлім деңгейі әлі де жоғары, алғашқы үш айда облыста 1542 адам қайтыс болды.

Халық арасында өлімнің негізгі себептері: қан айналымы жүйесінің аурулары – 18%, жүйке жүйесінің аурулары – 17%, тыныс алу органдарының аурулары – 14%, жаңа өскіндер (ісіктер) – 11%, ас қорыту органдарының аурулары – 10%, жазатайым оқиғалар, улану мен жарақаттану – 5%.

Осы аралықта облыс бойынша 591 жұп некеге тұрды. Сонымен қатар азаматтық хал актілерін тіркеу органдарының деректері бойынша 349 ажырасу дерегі тіркелген.

Бұған дейін Петропавлда ер адамның үстіне бензин төгіліп, тірідей жанып кете жаздағанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар