СҚО-да қайтарылған активтер есебінен бес әлеуметтік жоба жүзеге асып жатыр

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM — Солтүстік Қазақстан облысында денсаулық сақтау және коммуналдық шаруашылық салаларында, сондай-ақ әлеуметтік және экономикалық инфрақұрылымды дамытуға бағытталған 5 жоба жүзеге асырылып жатыр. 

разбился на стройке
Фото: Kazinform

СҚО прокуратурасының мәліметінше, бұл жобалардың барлығы мемлекетке қайтарылған активтер есебінен қаржыландырылған. Әлеуметтік бастамалардың іске асырылуын жүйелі түрде бақылауда ұстап отыр. 

Мәселен, Тайынша ауданында көпбейінді ауданаралық аурухананың қабылдау бөлімі қайта жаңғыртылып, ғимараттың бірінші қабатына күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр. Жоба нәтижесінде медициналық мекеме облыс тұрғындарына шұғыл және жоспарлы медициналық көмек көрсетудің заманауи стандарттарына сәйкес қызмет көрсететін болады.

Петропавлда «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағының инженерлік инфрақұрылымының құрылысы басталған. Бұл өз кезегінде инвестиция тартуға, өндірістік әлеуетті арттыруға және жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.

Бұдан бөлек, Преснов және Соколов топтық су құбырларын қайта қалпына келтіру жұмыстары қолға алынған. Нәтижесінде 20 мыңнан астам облыс тұрғыны сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіледі. Бұл санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік деңгейін арттырып, ауылдық елді мекендердегі өмір сүру деңгейін жақсартуға ықпал етеді.

Жалпы, өңірде қайтарылған активтер есебінен білім беру және коммуналдық шаруашылық салаларында 34 әлеуметтік жоба іске асырылған.

Ал мемлекетке қайтарылған активтер қаражатының тиімді әрі мақсатты жұмсалуына прокуратура мониторинг жүргізіп, бақылауда ұстамақ.

Бұған дейін Алматы облысында қайтарылған активтер есебінен 1,1 млрд теңгеге спорт кешені салынатынын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар
Референдум