СҚО-да облыстық ішкі істер департаментінің жаңа басшысы тағайындалды

Қажкенов А.С. 1958 жылы 6 қаңтар күні Көкшетау облысының Ленинград ауданы Бостандық кеңшарында дүниеге келген. Алматы КСРО ІІМ арнайы милиция орта мектебін, КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебін бітірген. Мамандығы - заңгер.
Ішкі істер органдарындағы қызметін 1981 жылы Көкшетау облысы Денинград ауданы ІІБ қылмыстық іздеу бөлімінің инспекторы болып бастады.
1990 жылдан бастап Көкшетау облысы Еңбекшілдер ІІБ басшысының орынбасары болып істеді. 1993 жылдан бастап жетекшілік қызметтерді атқарды, Көкшетау облысы Чкалов ауданы ІІБ, Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы ІІБ басқарды.
2000 жылы Көкшетау қаласы ІІБ-сын басқарды. 2001 жылы Ақмола облысы МІІБ басшысының орынбасары, ал 2003 жылы Ақмола облысы ІІД басшысының бірінші орынбасары, 2008-2012 жылдар аралығында ҚР ІІМ Криминалдық полиция комитеті төрағасының орынбасары болды. Соңғы қызметі - Ақмола облысының ІІД басшысы.
Осыған дейін СҚО ІІД басшысы қызметінде болған Мұрат Ұрымханов Алматы облысы ІІД басшысы болып тағайындалды.