СҚО-да өрттен екі адам көз жұмды

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM —11 қаңтар күні кешкі уақытта Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының Майбалық ауылында жеке тұрғын үйде өрт шықты. Оқиға орнынан өрт сөндірушілер екі адамның мәйітін тапты. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлім етті.

СҚО-да өрттен екі адам көз жұмды
Фото: ТЖМ

101 пультіне хабарлама түскеннен кейін өртке қарсы қызметтің бөлімшелері жедел түрде жіберілді. Құтқарушылар оқиға орнына келген кезде тұрғын үйдің толықтай отқа оранып, толық қирағаны анықталды.

СҚО-да өрттен екі адам көз жұмды
Фото: ТЖМ

Үй иесінің айтуынша, өрт болған сәтте үйде оның жұбайы және екі кәмелетке толмаған бала болған. Өртті сөндіру және үйінділерді бөлшектеу барысында құтқарушылар ер адам мен бір кәмелетке толмаған баланың мәйітін тапқан. Енді бір адамнды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Оқиға орнында департамент басшылығы жұмыс істеп жатыр, ТЖД психологтары үй иесіне қажетті психологиялық көмек көрсетіп жатыр.

СҚО-да өрттен екі адам көз жұмды
Фото: ТЖМ

Өрт 64 шаршы метр аумақта толықтай сөндірілді. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Өртті сөндіруге ТЖД-ның жеке құрамынан 24 қызметкер мен 6 бірлік техника, сондай-ақ «Агрофирма» ЖШС-нің ерікті өртке қарсы құрылымы қатысты.

ТЖМ азаматтарды пешпен жылыту, электр және газ жабдықтарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Бұған дейін БҚО-да өрт болған жерден екі адамның денесі табылған еді.

Соңғы жаңалықтар