СҚО-да «Учаске» операциясының барысында тіркелмеген 32 атыс қаруы, 7 хабар-ошарсыз жоғалған адам табылды

Күн сайын бүкіл облыс бойынша бұған бір мыңнан астам тәртіп сақшысы жұмылдырылды, деп хабарлайды СҚО ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен.
Тәртіп сақшылары облыстағы елді мекендердің тұрғындарының үйлерін аралап, проблемалық мәселелерін сұрайды. Оқпен атылатын қару иелерін тексеруге ерекше назар аударылады.
Осылайша, «Учаске» операциясы басталғаннан бері қарудың 11 мыңға жуық иесі тексерілді. Қаруды сақтау және ұстау ережелерін бұзғаны үшін оның 107 данасы, 32 тіркелмеген қару алынды, оның ішінде 30-ы - тегіс оқпанды қару және екеуі шолақ мылтық болып табылады.
Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 382 адам ұсталды, олардың ішінде қабылдау-үйлестіру абақтысына 35 адам қамалды. 2000-ға жуық жалдамалы пәтер тексеріліді, бұл ретте тұрғын үйді салық органдарында тіркелусіз жалға берудің 60 фактісі анықталды.
17 азамат табылды, оның ішінде 10 қылмыскер және 7 хабар-ошарсыз жоғалған адам бар.