15:24, 27 Маусым 2025 | GMT +5
СҚО-да жасөспірім қолдан жасалған қазаншұңқырға батып кетті
ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – Солтүстік Қазақстан облысында 14 жасар бала қазаншұңқырға батып, көз жұмды.

СҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға кеше кешқұрым Қызылжар ауданы Подгорное елді мекенінде болған. Суға кеткен жасөспірімнің денесін құтқарушылар қазаншұңқырдан алып шықты.
СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметі мәлім еткендей, жасөспірімнің мерт болуына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Бұған дейін СҚО-да құтқарушылар шомылуға қауіпті су қоймаларын атаған еді. Биыл өңірде су қоймаларының тек 13-інде ғана халық суға шомылатын арнайы орындар әзірленді. Рұқсат етілген 60 орын бар.
Сондай-ақ СҚО-да газ тасымалдаушы көлік жарылып, 8 адамды күйік шалғанын жазған едік.