10:14, 27 Қараша 2014 | GMT +5
СҚО-да жыл басынан 3 мың әйел жанұялық жанжалдан зардап шекті
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Жыл басынан шамамен 3 мың солтүстікқазақстандық әйел отбасыларында туындаған жанжалдан зардап шекті.

Бұл туралы СҚО ІІД баспасөз қызметінен хабарланды.
«Жанұядағы зорлық мәселесі өзекті болып отыр. Отбасындағы даудан жапа шегетіндердің 90% әр жастағы әйелдер мен балалар. Жыл басынан оларға қатысты 25 қылмыс пен 2719 құқықбұзушылық әрекеттері жасалған. Нәзік жандылардың уақтылы тәртіп сақшыларының көмегіне жүгінуінен 1473 құқық бұзушыға айып ұйғарымы тағайындалып, тағы 159-ның тәртібіне қатысты ерекше талаптар қойылды», - делінген хабарламада.