СҚО полицейлері 11 жыл іздеуде болған қылмыскерді ұстады

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында «Іздеу» республикалық жедел алдын алу шарасы жүргізілуде. Операцияның бірінші күні полицейлер іздеуде жүрген 12 қылмыскерді ұстады. Бұл туралы ІІД баспасөз қызметі хабарлады.
None
None

«Свердловск облысында ресейлік әріптестерімен бірлесіп жүргізген жедел шаралар барысында СҚО жедел қызметкерлері Петропавлдың 50 жастағы тұрғынын қолға түсірді. Ер адам 11 жылдан бері іздеуде болған. Қылмыстық іс материалдарына сүйенсек, 2005 жылғы маусымда Петропавлда ол тұлғалар тобымен «СЭН» күзен тондар сататын дүкенге қарақшылық шабуыл жасаған. Сол кезде ізінше үш қылмыскер ұсталып, екеуі қашып үлгерген», - делінген хабарламада.

Олардың бірін СҚО ІІД криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері бірнеше жыл бұрын ұстаған. Бесіншісі тұрғылықты орнын жиі ауыстырып, қолға түспеудің амалдарын жалғастырды. Алайда полиция қызметкерлерінің жедел шарасы арақасында оның Ресейде екені анықталып, ұсталды.

Жыл басынан бастап СҚО полицейлері қашып жүрген 25 қылмыскерді ұстады. 8 адам басқа елдердегі әріптестермен бірлескен жұмыс арқасында анықталып, ұсталды.

Соңғы жаңалықтар