СҚО полицейлері өртенген автобус ішінде қалған балаларды құтқарды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданында құқық қорғаушылар өрт шыққан «Газель» көлігінің ішінде қалған балаларды шығарып үлгерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«14 мамыр күні сағат 17.10 шамасында Тайынша ауданындағы Рощинское ауылының маңында «Газель» маркалы жолаушылардың шағын автобусынан өрт шыққан. Петропавлдан аудан орталығы Тайыншаға балаларды алып келе жатқан жүргізуші мотордан шыққан түтіннен қауіптеніп, көлікті тоқтатқан. «Газельдің» артында СҚО Полиция департаменті автопатрулінің экипажы келе жатқан еді. Экипаж құрамындағы полиция лейтенанты Жігер Балтабай мен полицияның аға сержанты Батырхан Молдажанов бұл жағдайға қатысты бірден шара қабылдады», - делінген хабарламада.null

Өртенген көліктен 11 баланы алып шыққан полицейлер өрт сөндірушілерді шақырып алып, тілсіз жаумен өздері де алысып кеткен.

«Алайда желдің салдарынан өрт тіпті үдеп, ақыры полицейлер жол үстінде ешкімге қауіп төнбес үшін жүргізушімен бірге көлікті жолдың шетіне итеріп апарған. Уақтылы қолға алынған шаралардың арқасында осылайша, қайғылы жағдай орын алған жоқ», - деп хабарлайды СҚО Полиция департаментінен.

Рощинское ауылына жеткізілген балаларды кейін құқық қорғаушылар басқа көлікпен үйлеріне жеткізді.

null

Соңғы жаңалықтар