СҚО полицейлері заңсыз емдеумен айналысқан «Алла аят» діни бірлестігінің қызметін анықтады

ПЕТРОПАВЛ. 2 қазан. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысы ІІД экстремизмге қарсы күрес жөніндегі басқарма қызметкерлері «Фархат-ата» әдісі бойынша емдеумен айналысатын тыйым салынған «Алля аят» бірлестігінің қызметін анықтады, деп хабарлайды облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен.
None
None

Петропавл қаласының 49 жастағы тұрғыны аталған ағымды ұйымдастырғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Өткен жылдың желтоқсан айында Петропавл қаласы тұрғынының арқасы ауыра бастаған. Оның таныстары дәрі-дәрмектер қолданбай-ақ, сырқаттан арылуға көмектесетін әйел адамға баруға кеңес берді. Жарты жыл бойы Петропавл қаласының тұрғыны емшінің барлық сеанстарына түзу қатысып жүріп, оның айтқандарының бәрін орындаған, алайда сырқатынан керемет айығып кетпеген.

Дәстүрлі медицинадан бас тарту, күнге қарау, тұзды шай ішу, арнайы әдебиетте көрсетілген өмір формуласы оқу - емші өзіне қаралған ауруларды осындай әдістермен емдеген. Алайда, ер адам айтқандай, жағдайы жақсармаған. Петропавл қаласының тағы бір тұрғыны қызының дәл осы әйелдің кінәсінен қаза болғанына сенімді. Ауыр сырқатпен ауырып, оның қызы «Фархат-ата» өз бетімен сауығу жүйесін қолдаушы әйелдің қызмет көрсетуіне сеніп, ауруханада емделуден бас тартқан.

Аталған әдісті қолдаушылар Есіл өзеніне жиналып, күнге табынатын болған. Дұға оқып тұрып, жарыққа ұзақ қарау емшінің сөзіне қарағанда, үміттенген ауруларды сауықтыруы тиіс болған. Бұл әдісті 2008 жылы Қазақстанда қызмет етуіне тыйым салынған «Алля-Аят» қоғамдық бірлестігіне сенушілер қолданған.

Облыстық ІІД жедел қызметкерлері анықтағандай, кез келген аурудан емдеуге уәде еткен әйелге ондаған солтүстікқазақстандықтар қаралған, олардың арасында қарттар да, балалар да бар. Петропавл қаласы мамандандырылған әкімшілік соты емшінің жалған емдеумен айналыспай, адамдардың жай ғана жиналғаны туралы дәлелдеріне құлақ аспаған.

Жедел қызметкерлер мен осы әдістер бойынша емделген куәгерлер - облыс тұрғындарының берген түсініктері сот шығарған шешімге негіз болды. 49 жастағы қала тұрғыны 100 айлық есеп көрсеткіші көлемінде айыппұл салу түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды, бұл - 170 мың теңгеден астам сома. Полицейлер облыс тұрғындары денсаулығына, тіпті, өміріне қауіп төндіріп, мұндай емшілерге қаралмай тұрып, жақсылап ойлануы қажет екенін атап айтуда.

Соңғы жаңалықтар