СҚО су тасқынына қарсы қорғанысты күшейтіп жатыр

АСТАНА. KAZINFORM — СҚО су тасқынына қарсы қорғанысты күшейтуде: негізгі учаскелерде жұмыстар басталды. бұл туралы ТЖМ хабарлады. 

СҚО су тасқынына қарсы қорғанысты күшейтіп жатыр
Фото: ТЖМ

Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД бастығы Петропавл қаласының әкімімен бірлесіп, қала маңындағы жер үйінділерін нығайту және инертті материалдар дайындау жұмыстары жүргізіліп жатқан учаскелерді аралап шықты. Сапар барысында олар жұмыстардың қазіргі барысын бағалап, елді мекендерді қорғау бойынша алдағы шараларды айқындады.

Өңірде  ТЖМ әскери қызметшілерінің қатысуымен су тасқынына қарсы белсенді іс-шаралар жүргізілуде. Негізгі назар қап дайындауға және судың көтерілуін тежеуге, су басудың алдын алуға мүмкіндік беретін қорғаныс шептерін құруға аударылуда.

Петропавл қаласы мен Қызылжар ауданында №28237 әскери бөлімінің күшімен инертті материалмен толтырылған мыңдаған қап дайындалды. Олар бөгеттерді нығайтуға пайдаланылып, тұрғындардың қауіпсіздігін және инфрақұрылымның сақталуын қамтамасыз етеді. 

Айта кетелік ТЖМ су тасқынының алдын алу үшін мұз жару жұмыстарын жалғастырып жатыр

Соңғы жаңалықтар