СҚО тұрғыны көлігіне жалған нөмір тағып, шекарадан өтпек болды

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының тұрғыны көлігіне жалған мемлекеттік нөмір таққаны үшін жазаланды.

Петропавлда жарты жылдың ішінде көлігіне жалған нөмір таққан 5 адам анықталды
Фото: СҚО ПД баспасөз қызметі

СҚО сотының мәліметінше, сот отырысында П. өз кінәсін толық мойындады. Оның айтуынша, бұған дейін иелігінде болған көлігі істен шығып, орнына дәл сондай маркалы, бірақ Ресей есебінде тұрған басқа көлікті сатып алған. Оны Қазақстанда уақтылы тіркемегендіктен, жаңа автомобильге бұрынғы көлігінің қазақстандық мемлекеттік тіркеу нөмірін таққан. 

Аудан тұрғынының жалған нөмірмен жүргені шекарадан өтпек болғанда ғана анықталды.

Шекарашылар бірден құқық қорғау органдарына хабар беріп, әкімшілік іс қозғалды.

Соттың қаулысына сәйкес, П. үш тәулікке әкімшілік қамауға алынды және бір жыл мерзімге көлікті жүргізу құқығынан айырылды.

Қаулы заңды күшіне енді.

Бұған дейін ондаған автокөлік ұтысын ойнатқан блогердің ісі сотқа жеткенін жазған едік.

Соңғы жаңалықтар