Словакия мал азығына арналған жобаға 14 млн еуро инвестиция салуға дайын

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеге Словакияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Петер Юза келді. Словакия инвесторлары Ақтөбенің Мәртөк ауданына мал азығын дайындайтын кәсіпорын салады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Ақтөбе облысында шетел инвесторларын тарту жұмысы жалғасып жатыр. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев өңірге келген Словакияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Петер Юзамен кездесті.

«Екі ел арасындағы қарым-қатынас жақсы жолға қойылып, Ақтөбедегі Мұз айдынының құрылысына «H+H TECHNIKA» (Словакия) ЖШС-іинвестиция салды. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік механизмін қолдана отырып, жүзеге асырылып жатқан жоба құны 3 миллиард теңгені құрады. Ақтөбе облысы мен Словакия арасындағы тауар айналымы 2017 жылы 2,4 миллион долларды құрады. Біздің әріптестік әлеуетіміз бұдан да жоғары болатынына сенеміз»,- деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

Словакия елшісі Петер Юза білім және туризм саласындағы қарым-қатынасты нығайтуға қызығушылық білдіріп отыр. Сонымен қатар, ақтөбелік бизнес-қауымдастықты 10-11 сәуірде Братиславада өтетін инвестициялық форумға қатысуға шақырды.

«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінде словакиялық павильон безендіру мен көрменің мағынасын ашуы жағынан екінші орын алды. Біздің елдің делегациясына 396 адам кірді. Оның төртеуі министр, өзгесі кәсіпкерлер. Біздің павильонды 396 мың адам көрді. Бәрі де өте жақсы өтті»,- деді елші Петер Юза.

Айта кетейік, кездесуде екі ел инвесторлары келісімге қол қойды. Алдағы уақытта «АгроСоюз М» ЖШС-і мал азығын шығарады. Мұнда сағатына 31 тонна жем мен 3 тонна қоспа өндіріледі. Зауыт Мәртөк ауданына салынады. Жоба құны - 14,4 миллион еуро.

Соңғы жаңалықтар