СІМ Таяу Шығыс өңіріндегі қауіпті әскери шиеленіске байланысты мәлімдеме жасады

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі қақтығысты БҰҰ Жарғысы мен халықаралық құқық нормаларына сәйкес тек саяси-дипломатиялық жолмен тез арада реттеуді құптайды. 

СІМ Таяу Шығыс өңіріндегі қауіпті әскери шиеленіске байланысты мәлімдеме жасады
Фото: СІМ

— Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыс өңіріндегі қауіпті әскери шиеленіске байланысты өз алаңдаушылығын білдіреді және қақтығысты БҰҰ Жарғысы мен халықаралық құқық нормаларына сәйкес тек саяси-дипломатиялық жолмен тез арада реттеуді құптайды. Қатысушы тараптарды барынша ұстамды болуға шақырамыз, — делінген Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде.

Айта кетелік Израиль Иранға соққы беріп, әуе кеңістігін жауып тастаған еді. АҚШ Мемлекеттік хатшысы Израильдің Иранға қарсы жасаған соққыларын «біржақты әрекет» деп атап, оған Ақ үйдің қатысы жоқ екенін мәлімдеді. Израильдің Иранға жасаған соққысынан кейін мұнай бағасы күрт көтерілді. Сондай-ақ Иран Израильге 100-ден астам дрон жіберді

 

 

Соңғы жаңалықтар