Соғысқа қатысқан он ақтөбелік майдангерге+ пәтерлердің кілттері тапсырылды

Салтанатты шараға сондай-ақ жауынгер-интернационалистер, еңбек ардагерлері қатысқан.
Ардагерлерді құттықтай отырып, облыс әкімі қазақстандықтардың, соның ішінде ақтөбеліктердің фашистік Германияны жеңуде үлкен үлес қосқандарын атап өтті. Ақтөбе облысынан майданға 122 мың адам кетіп, соның 36 мыңы Отанға оралған жоқ.
Салтанатты жағдайда облыс әкімі 10 ардагерге пәтерлердің сертификаттарын, ал қалған қатысушыларға - естелік сыйлықтарын табыс етті.
Қазіргі кезде аймақта Ұлы Отан соғысының 346 қатысушы бар. Олар коммуналдық төлемдерден босталған, қоғамдық көліктермен тегін жүру құқығына ие, тегін дәрі-дәрмектер, жолдамалар, тағы басқаларын алуда. Жеңіс күніне қарсы барлық ардагерлер үшін жергілікті бюджеттен 10 мың теңге көлеміндегі біржолғы жәрдемақы бөлінуде.
«Осындай қолдауға қарамастан, сіздердің алдарыңыздағы қарызымыз шексіз. Біздің ендігі міндетіміз - сіздерді қолдай отырып, ерліктеріңіз туралы естелікті жас ұрпаққа жеткізіп отыру», - деп есептейді әкім.