Солтүстікқазақстандық полицейлер «Жүргізуші, менің өмірімді сақта!» акциясын өткізді

ПЕТРОПАВЛ. 15 қараша. ҚазАқпарат - Солтүстікқазақстандық әкімшілік полиция қызметкерлері «Жол қозғалысының қауіпсіздік аптасы» аясында «Жүргізуші, менің өмірімді сақта!» акциясын өткізді.
None
None

Бұл шара «Шекара «Оңтүстік» жүйесінің бақылау бекетінде, Петропавлға кіре берісте өтті. Жол күзеті қызметінің мамандары автокөлік жүргізушілерін тоқтатып, олармен келеңсіз жағдайлардың алдын алу мақсатында әңгіме жүргізді.

Акцияның мұндай жерде өткізілуі тегін емес. Республикалық маңызы бар тас жолдар арқылы жүретін жолаушылар аса сақ болулары керек. Жыл басынан бері СҚО-да көптеген жол апаттары қала сыртындағы жолдарда орын алған.

Балалардың қатысумен болған жол апаттары саны алаңдатушылық туғызып отыр. Олардың қатысуымен 49 ЖКО орын алып, онда 3 адам қаза болды, 53 адам жарақаттанған. Сараптама көрсеткендей, балаларға қатысты жол апаттарының 90 пайызы жүргізушілердің кінәсінен болған.

Соңғы жаңалықтар