Солтүстік Қазақстан облысында көлік қозғалысына шектеу енгізілді

АСТАНА. KAZINFORM – ҚазАвтоЖол ауа райына байланысты Солтүстік Қазақстан облысында көлік қозғалысына шектеу қойылғанын хабарлады.

Солтүстік Қазақстан облысында көлік қозғалысына шектеу енгізілді
Фото: Мухтор Холдорбеков/ Kazinform

10 ақпан сағат 22:30-да ауа райының нашарлауына байланысты келесі республикалық автожолдарда көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу енгізіледі:

– «Жезқазған — Петропавл» автожолының 706 — 946 шақырым аралығы (Новоишим ауылы — Бескөл ауылы);

– «Петропавл — Соколовка — РФ шекарасы» автожолының 11 — 73 шақырым аралығы (Петропавл қаласы — РФ шекарасы);

– «Петерфельд — Архангельское — Новокаменка» автожолының 0 — 31 шақырым аралығы (Петерфельд ауылы — «Жезқазған — Петропавл» автожолы);

– «Булаев — Возвышенка — Рощинское» автожолының 0 — 228 шақырым аралығы (Булаев қаласы — Рощинское ауылы);

– «Рощинское — Корнеевка — Волошинка» автожолының 0 — 86 шақырым аралығы (Рощинское ауылы — Волошинка ауылы);

– «Волошинка — Сергеевка — Тимирязево» автожолының 0 — 119 шақырым аралығы (Вошинка ауылы — Тимирязево ауылы);

– «Тимирязево — Сарыкөл — Қостанай облысының шекарасы» автожолының 0 — 32 шақырым аралығы (Тимирязево ауылы — Қостанай облысының шекарасы);

– «Қарасай батыр мемориалдық кешеніне кіреберіс» автожолының 0 — 24 шақырым аралығы (Саумалкөл ауылы — Қарасай батыр мемориалдық кешені);

м «РФ шекарасы — Петропавл» автожолының 0 — 120 шақырым аралығы (РФ шекарасы — Петропавл қаласы);

– «Астана — Көкшетау — Петропавл — РФ шекарасы» автожолының 491 — 526 шақырым аралығы (Петропавл қаласы — РФ шекарасы).

Айта кетейік, жолды 11 ақпан сағат 09:00-де ашу жоспарланып отыр. 

Бұған дейін екі облыста жол жабылғанын жазғанбыз. 

Соңғы жаңалықтар
Референдум