Соңғы 5 жылда Қызылордада сотталғандар саны 57,5%-ға өскен

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM — Қызылорда облысында қылмыстық атқару жүйесіне қарасты 3 мекеме бар. Оларда 1400-ге жуық адам жазасын өтеп жатыр.

тюрьма, преступники
Фото: freepik.com

Статистикалық мәліметке сүйенсек, соңғы 5 жылда өңірде жазасын өтеушілер саны 57,5%-ға өскен. 

Облыстық прокуратура бұл мəселенің шешімі ретінде сотталғандарды шартты түрде мерзімінен бұрын босату, жазаны жеңіл түрге ауыстыру мүмкін болмаған жағдайда қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерге ауыстыруды ұсынып отыр. 

— Бұл мекемеден шықпай-ақ залалды өтеуге және сотталған адамның қоғамға бейімделуіне мүмкіндік береді. Қазіргі күні қауіпсіздігі барынша төмен мекемеде жұмыспен қамтылғандар саны 81% шамасында, — деді облыс прокуроры Ризабек Ожаров.

Қылмыстық кодекске енгізілген өзгерістер аясында «закладчиктердің» жазасы төмендеп, есірткі өңдеушілерге қатысты жаза күшейді. Осыған орай № 60 мекемедегі 142 адам жазасын өтеу мерзімінің аяқталуына байланысты босатылса, 136 адамның жазаны өтеу мерзімі едәуір қысқармақ.

Бұған дейін Ішкі істер министрлігі елдегі түрме режимі ең жиі бұзылатын мекемелерді атап көрсетті.

Соңғы жаңалықтар