21:05, 15 Қараша 2011 | GMT +5
Соңғы жеті жылда Ақтөбе облысында шамамен 400 инвестициялық жоба жүзеге асырылды
АСТАНА. 15 қараша. ҚазАқпарат - Соңғы жеті жылда Ақтөбе облысында шамамен 400 инвестициялық жоба жүзеге асырылды. Бұл туралы аталған облыстың баспасөз хатшысы Нұрлыгүл Көшербаева мәлім етті.
Оның атап өтуінше, аталған жобаларды жүзеге асырудың нәтижесінде 25 000 адам жұмыспен қамтамасыз етілген.
Сонымен қатар аталған өңірдің өткен жылдардағы басты жеңістерінің бірі ретінде электр энергиясына тәуелділіктен арылуын атап өтуге болады. Есте болса, 1990 жылдардың басында аталған өңірдің Ресей электр энергиясына тәуелділігі 85 пайыз болса, бүгінде ол 3 пайызды ғана құрап отыр.