«Социс-А» институы: жаңа Конституция 87,4% дауыс жинады

АСТАНА. KAZINFORM – «Социс-А» кешенді әлеуметтік зерттеулер институты Конституциялық реформа жөніндегі республикалық референдумда жүргізілген Exit poll нәтижесін жариялады.

Referendum on New Constitution: two exit poll results announced
Фото: Kazinform

Институттың мәліметінше, дауыс беру учаскелеріндегі сайлаушылардың қатысу деңгейі 73,8% болған.

Сауалнамаға қатысқан азаматтардың 87,4%-ы жаңа Конституцияны жақтап дауыс берген.

Орталық референдум комиссиясының ресми мәліметі бойынша, елде барлығы 9 126 850 азамат дауыс беруге келген. Бұл референдумда дауыс беруге құқылы азаматтардың 73,24 пайызы деген сөз. 

Референдумда дауыс берген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Конституция жастарға арналған темірқазық екенін айтқан болатын. 

Бұған дейін Орталық коммуникациялар қызметінің Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ақпарат кеңістігіндегі референдуммен байланысты жарияланымдарға мониторинг жүргізіп бастағанын ескерткен болатын. 

Сыртқы істер министрлігінің мәліметіне сүйенсек, референдум күнінде 9 мыңнан астам Қазақстан азаматы шетелдегі учаскелерде дауыс берген

Соңғы жаңалықтар