SpaceX компаниясының бұрынғы қызметкерлері Илон Маскты сотқа берді
НЬЮ-ЙОРК. KAZINFORM – 2022 жылы жұмыстан босатылған SpaceX қызметкерлері миллиардер Илон Масктың үстінен Калифорния сотына шағым түсірді. Бұл туралы Анадолы агенттігі жазды.

АҚШ-тың ғарыштық технологиялар компаниясының бұрынғы қызметкерлері жұмыс жағдайын «жануарлар баспанасына» теңеп, басшылықты сынға алып, хат жазғаны үшін жұмыстан шығарды деп мәлімдеген.
Шағымданушы авторлардың төртеуі хат басшылыққа қарауға берілгеннен кейін бірден, ал, қалғандары ішкі тексерулер аяқталғаннан кейін жұмыстан босатылғанын алға тартады.
Дәлел ретінде, талап-арызда Масктың әлеуметтік желідегі жазбалары бар, оны шағымданушылар «масқара» деп атады.
Жұмыстан шығарылған қызметкерлер SpaceX-тің нашар жұмыс ортасы туралы шағымдары жиі еленбейтінін айтады. Талапкерлер компаниядан «жұмыстан әділетсіз босатылғаны» үшін қаржылық өтемақы талап етіп отыр.