SpaceX Өзбекстанға ұлттық ғарыш бағдарламасын әзірлеуге жәрдемдеседі
ТАШКЕНТ. KAZINFORM – АҚШ-тың SpaceX аэроғарыш компаниясы Өзбекстанға ұлттық ғарыш бағдарламасын әзірлеуге көмектесуге ниетті, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Ташкенттегі меншікті тілшісі Әлихан Асқар.
O‘zbekkosmos агенттігінен мәлім еткендей, бұл бағыттағы ынтымақтастық мәселелері Италияда өткен Халықаралық астронавтика конгресінде талқыланды.
Бұған қоса, шағын спутниктер жасаумен айналысатын ұлыбританиялық Surrey Satellite Technology компаниясы да ұлттық ғарыш бағдарламасын жасақтауға қолдау көрсетуді жоспарлап отыр.
Ал жапониялық Кюсю технологиялық институты аэроғарыш техникасы саласы бойынша білім алуға ниетті өзбекстандық мамандарды оқытумен айналысады.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан Өзбекстаннан жүк вагондарын сатып алғанын жазған едік.