Спорттық атудан әлем чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды

АСТАНА. KAZINFORM — Қатардың Доха қаласында өтетін нысана көздеу мен стенд атудан әлем чемпионатына қатысатын қазақстандық спортшылардың алдын ала тізімі жарияланды.

Спорттық атудан әлем чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды
Фото: ҚР ҰОК

Дүбірлі додада ел намысын 30 спортшы қорғайды.

Стенд ату: Әлішер Айсалбаев, Айжан Досмағамбетова, Элеонора Ибрагимова, Ольга Хайлова, Александр Мухамедиев, Әсем Орынбай, Зоя Пискун, Даниил Почивалов, Марк Почивалов, Максим Почивалов, Наргиза Сарманова, Александр Ещенко.

Нысана көздеу: Сәуле Әлімбек, Елизавета Безрукова, Никита Чирюкин, Кирилл Федькин, Артемий Кабаков, Александра Ле, Арина Малиновская, Константин Малиновский, Олег Носков, Валерия Попелова, Валерий Рахымжан, Ислам Сәтпаев, Никита Шахторин, София Шульженко, Нина Старова, Кирилл Цуканов, Руслан Юнусметов, Ирина Юнусметова.

Айта кетейік, тізімге өзгерістер енгізілуі мүмкін. Әлем чемпионаты 1-14 қараша күндері өтеді.

Еске салайық, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Касабланкада өтіп жатқан семсерлесу Әлем кубогы кезеңінің жеңімпазы атанған Қазақстан құрамасын құттықтаған еді.