Спорттық гимнастикадан ӘЧ: Қазақстан 26 жылдан соң медаль алды

гимнастика
Фото: ҚР Туризм және спорт министрлігі

Милад Карими Бельгияның Антверпен қаласында өтіп жатқан спорттық гимнастикадан әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Дүбірлі додада Милад Карими еркін жаттығудың финалында 14.600 ұпай жинап, үздік үштікті түйіндеді. Алтын Артем Долгопяттың (Израиль), күміс Казуки Минамидың (Жапония) еншісіне бұйырды.
Қазақстандық гимнастшылар 1997 жылдан бері әлем чемпионатында жүлдеге қол жеткізіп көрмеген еді. Сол жылы Сергей Федорченко Швейцарияның Лозанна қаласында бағанадан секіруден чемпион атанған болатын.

Еске салсақ, Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан ХХХІ Жазғы универсиадада спорттық гимнастикадан Милад Карими чемпион атанды.

Қазақстандық атлет кермедегі сайыстың финалдық сатысында бірінші орын алды. Көрсеткіші - 14,800.

Соңғы жаңалықтар