Спорттық гимнастикадан әлем кубогі алғашқы кезеңіне қатысатын қазақстандықтар белгілі болды
АСТАНА.KAZINFORM - Спорттық гимнастикадан Қазақстан ерлер құрамасы халықаралық жарыс маусымын Германияның Котбус қаласында өтетін Әлем кубогы кезеңінен бастайды.
ҚР ҰОК мәліметінше, биылғы алғашқы әлем кубогә кезеңі 19-22 ақпан аралығында өтеді. Аталған жарыста Қазақстан атынан бес гимнаст өнер көрсетеді:
- Нариман Курбанов (ат снарядындағы жаттығулар)
- Милад Карими (керме, еркін жаттығулар)
- Дмитрий Патанин (сақиналар, қоссырық, еркін жаттығулар)
- Диас Тойшыбек (қоссырық және кермедегі жаттығулар)
- Зейнолла Ыдырысов (ат снарядындағы жаттығулар)
Турнир қарсаңында команда Котбус қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Жиын 8 ақпанда басталып, 17 ақпанға дейін жалғасады.
Айта кетейік, Александра Скороходова тау шаңғысынан Италиядағы турнирде күміс жүлдеге ие болды.