Спорттық гимнастикадан халықаралық турнирде Асан Салимов алтын алды

 Спорттық гимнастикадан халықаралық турнирде Асан Салимов алтын алды
Фото: olympic.kz

АСТАНА. KAZINFORM - Түркияның Анталья қаласында спорттық гимнастикадан Challenge Cup санатындағы турнирінде қазақстандық спортшылар бір алтын, бір күміс алды.

Ел құрамасынан Асан Салимов тіреніп секіру жаттығуында жеңіс тұғырына көтерілді. Ол финалда 14.300 ұпай жинап, украиналық 2 гимнастшыны артта қалдырып кетті.

Ал ат снарядында Нариман Кұрбанов күміс жүлдегер атанды.

Айта кетсек, Нариман Кұрбанов Қатар астанасы Дохада 17-20 сәуір аралығында спорттық гимнастикадан әлем кубогының кезеңіне қатысады.

Аталған жарыста Париж Олимпиадасына лицензия алған гимнастшылар анықталады. Ұлттық құрама сапынан Нариман Кұрбанов ат снарядында ойындар жолдамасын алуға жақын тұр.

Әзірге Қазақстан еншісінде спорттық гимнастикадан Олимпиаданың бір жолдамасы бар. Былтыр Антверпендегі әлем чемпионатында Милад Карими қола медальмен бірге көпсайыста жолдамаға қол жеткізді.

Соңғы жаңалықтар