Спутниктерді Қазақстаннан экспорттауға қатысты қай елдермен келісім бар

АСТАНА. KAZINFORM – Екі елмен бірлескен спутниктер жасау туралы нақты келісімдерге қол жеткізілді. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінен мәлім болды.

Спутник
Фото: freepik.com

- «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ 2024 жылдан бастап әртүрлі елдермен Қазақстанда жасалған спутниктерді экспорттау бойынша белсенді келіссөздер жүргізіп келеді. Қазіргі уақытта Монғолия және Конго Республикасымен бірлескен спутниктер жасау туралы нақты келісімдерге қол жеткізілді. Бұл мемлекеттер қазақстандық Жерді қашықтан зондтау (ЖҚЗ) технологияларын ауыл шаруашылығы, экология және табиғи ресурстар мониторингі сияқты әртүрлі салаларда пайдалануға мүдделі, - делінген министрліктің Kazinform агенттігіне берген жауабында.

Еске салсақ, былтыр күзде Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев спутниктерді экспорттауға қатысты екі елмен келіссөз жүріп жатқанын айтты.

Қазақстан спутнигін импорттауға қызығушылық танытқан елдердің қатарын Гвинея-Бисау толықтыруы мүмкін.

 

Соңғы жаңалықтар