Ақмола облысында 23 млн теңгеден астам алимент өндірілді
АСТАНА.KAZINFORM - Степногорск қаласы прокуратурасының шараларымен 23 млн теңгеден астам алимент өндірілді.
Степногорск қаласының прокуратурасы балалардың құқықтарын қорғау және әлеуметтік саладағы заңдылықты сақтау бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіп жатыр.
Алимент төлеуден қасақана жалтарған екі борышкер Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 139-бабы бойынша қылмыстық жауапқа тартылып, оларға 300 сағаттық қоғамдық жұмыстар түрінде жаза тағайындалды. Сонымен қатар жеті борышкер ӘҚБтК–нің 669-бабы бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 2-ден 5 тәулікке дейінгі әкімшілік қамауға алынды.
Осы жылы қадағалау шараларының нәтижесінде кәмелетке толмаған балалардың пайдасына 23 млн теңгеден астам мөлшерінде алимент өндірілді.
Прокуратурамен екі жеке сот орындаушыларының қызметінде табысын төмендетіп көрсету арқылы салық төлеуден жалтару түріндегі бұзушылықтарды анықтады. Қадағалау актісінің нәтижесінде олардан бюджетке 855 мың теңге өндірілді.
Қолданыстағы заңнаманы бұзғаны және жұмыстағы олқылықтары үшін алты сот орындаушыға тәртіптік жаза қолданылды.
Прокуратурамен қабылданған шаралар азаматтардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіруге, сот актілерінің орындалу тиімділігін арттыруға және сот орындаушылары қызметіндегі заңдылықты нығайтуға мүмкіндік берді.
Айта кетейік, Шымкентте алиментке 4,8 млн теңге берешегі бар ер адам сотталды.
Прокуратура балалар орталығы тәрбиеленушісіне 1,1 млн теңге алимент өндіріп берді.
ШҚО-да студент қыз алимент төлемеген әкесін сотқа берді.