22:13, 26 Ақпан 2025 | GMT +5
Странджа-2025: Айбек Оралбай да жартылай финалға шықты
АСТАНА. KAZINFORM — Болгария астанасы София қаласында өтіп жатқан дәстүрлі халықаралық Странджа турнирінің үшінші жарыс күні шаршы алаңға шыққан Айбек Оралбай да аталған турнирдің жартылай финалына шықты.

92 келіден жоғары салмақта шаршы алаңға шыққан ұлттық құрама капитаны бүгін ирландиялық Годстайм Идемудианы 5:0 есебімен жеңді.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Бекзат Нұрдәулетов пен Нұрбек Оралбай жартылай финалға шыққаны туралы жазған болатынбыз.
Сонымен қатар бүгінгі күндізгі сессияда қазақстандық бұрымды боксшылардан кімдер жетістікке жетіп, кімдер жеңіліс тапқанын жазған едік.