Странджа турнирі: Медальдар кестесінде Қазақстан қай орында тұр
Халықаралық турнирде қазақстандық спортшылар бір күміс, бір қола медаль алды. Нәтижесінде медальдар кестесінде жетінші орынға жайғасты.
Ал жеті алтын, төрт күміс, бес қола медаль еншілеген Өзбекстан құрамасы көш бастаса, одан кейінгі орындағы Болгария төрт алтын, бір күміс, бір қола медальға қол созды.
Үздік үштікті бір алтын, екі қоламен АҚШ құрамасы түйіндеді.
«Странджа-2023» (ерлер құрамасы) турнирінің нәтижесі:
1. Өзбекстан - 7-4-5
2. Болгария - 4-1-1
3. АҚШ - 1-0-2
4. Бразилия - 1-0-1
5. Армения - 0-2-2
6. Үндістан - 0-1-2
7. Қазақстан - 0-1-1
7. Италия - 0-1-1
7. Түркия - 0-1-1
10. Аргентина - 0-1-0
10. Эквадор - 0-1-0
12. Грузия - 0-0-2
12. Дания - 0-0-2
14. Қытай - 0-0-1
14. Австралия - 0-0-1
14. Ирландия - 0-0-1
14. Польша - 0-0-1
14. Грекия - 0-0-1
14. Әзербайжан - 0-0-1.
Халықаралық «Странджа-2023» турниріне еліміздің атынан 12 боксшы қатысқан еді.
Олардың қатарында Ернұр Қайрат (48 келі), Кенже Мұратұлы (51 келі), Бекзат Алдамжаров (54 келі), Оразбек Асылқұлов (57 келі), Ерасыл Таңкай (60 келі), Ертуған Зейнуллинов (63,5 келі), Темірхан Тезек (67 келі), Нұрқанат Райыс (75 келі), Бекзад Нұрдәулетов (80 келі), Бекзат Тағатаров (86 келі), Абзал Құттыбеков (92 келі), Қамшыбек Қоңқабаев (92 келіден жоғары) бар.