14:30, 13 Қаңтар 2010 | GMT +5
Студенттен ақша талап еткен колледж оқытушысы ұсталды
АСТАНА. Қаңтардың 13-і. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Ақтөбе қаласында семестрлік бағаны қою үшін студенттен 9 мың теңге талап еткен ауыл шаруашылығы колледжінің оқытушысы ұсталды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ҚР ІІМ хабарлағандай, сонымен қатар осы қалада 300 мың теңге бопсалау мақсатында екі қызды бас бостандығынан заңсыз айырып, тұрғылықты мекенжайында қамауда ұстаған Ақтөбе қаласының 40 жастағы тұрғыны ұсталды. Осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.