17:28, 10 Қазан 2025 | GMT +5
Су добынан Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионатының қола жүлдесіне таласады
АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан әйелдер құрамасы су добынан Ахмедабадта (Үндістан) өтіп жатқан Азия біріншілігінің финалына сынық сүйем қалғанда сүрінді.
Отандастарымыз жартылай финалдық бәсекеде Қытай құрамасынан 14:4 есебімен ойсырай жеңілді.
Енді Қазақстан әйелдер құрамасы қола жүлде үшін болатын кездесуде Таиланд командасымен бақ сынасады. Бұл құрама жартылай финалында Жапониядан жеңілген болатын.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, су спортынан Азия чемпионатында Қазақстан ерлер құрамасы жартылай финалға өтті.