Су добынан қыздарымыз Өзбекстаннан басым түсті

АСТАНА. KAZINFORM – Филиппин елінің Нью-Кларк-Сити қаласында өтіп жатқан су спорты түрлерінен әр түрлі жас санатындағы XI Азия чемпионатында Қазақстан қыздар құрамасы бесінші ойында Өзбекстан командасын жеңді. 

спорт
Фото: Kazinform

Су добынан ертең отандастарымыз шешуші кездесуде Таиландпен бақ санасады.

Турнир кестесінде командамыз Жапония (15) мен Таиландтан (12) кейін 9 ұпаймен 3-орында келеді.

Су добы. Қыздар. 5-ойын

Қазақстан - Өзбекстан 16:9 (6:1, 2:1, 3:1, 5:6)

Голдар: Ангелина Лемачко – 4, Алина Озкая, Дарина Сембек, Яна Мартынова, Ариадна Затыльникова – 2, Анфиса Журавлева, Анеля Алтыбасарова, Юлия Дружинина, Василиса Антропова –1. 

Естеріңізге сала кетейік, кеше қыздарымыз Қытай құрамасынан 9:14 есебімен жеңіліп қалған болатын. 

Сонымен қатар ұлдар құрамасы топтық кезеңнің соңғы ойынында Малайзияны ойсырата ұтып, жартылай финалға шықты. 

Соңғы жаңалықтар