Су тасқыны: Ақтөбеде шағын және орта бизнес шығыны 3 млрд теңгеге жетті

Су тасқыны: Мал шығыны өтеліп жатыр
Коллаж: Kazinform, Pixabay

АҚТӨБЕ. KAZINFORM – Ақтөбе облысы бойынша су тасқыны кезінде 170 шағын және орта бизнес субъектісіне шығын келді. Алдын ала есеп бойынша шығын көлемі – 3 млрд теңге.

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, су тасқынынан зардап шеккен 170 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі бар. Оған қоса бизнестің басқа салаларында 79 субъекті анықталған.

- Комиссия Ақтөбе қаласы бойынша 49 шағын және орта бизнес нысанын қарап шықты. Аралап, тексеруден соң алдын ала шығын көлемі 1 млрд теңгеден астам қаржыны құрайтыны белгілі болды. Оның ішінде Алматы ауданы бойынша 43 бизнес субъектісі, Астана ауданында 6 субъект бар екені анықталды. Бұл сандар әлі де өзгереді. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы саласына жататын субъектілер үшін жаңа заңнамалық қағидалар бекітіліп жатыр Шығындарды өтеу бойынша шешімді облыс әкімінің тапсырмасымен құрылған Аймақтық комиссия шығарады. Су тасқыны кезінде бизнесі зардап шеккен кәсіпкерлер биыл 30 қарашасыға дейін шығынды өтеп алу туралы өтініш бере алады, - деп хабарлады Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Ақтөбе облысы Ырғыз ауданында әлі де тасқынға қарсы күрес жұмысы жалғасып жатыр. Ал өзге аудандарда қайта қалпына келтіру, үй салу жұмысы жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар