Су тасқыны: Ақтөбеде тағы 100 отбасын баспанамен қамту мақұлданды

АҚТӨБЕ. KAZINFORM – Ақтөбе облысының әкімдігі 750 мың теңге, Отбасы банк 750 мың теңге бөліп, су тасқынынан зардап шеккен отбасылардың баспаналы болуына тағы бір мүмкіндік берілді. Бұл туралы облыстық мәслихаттың кезекті он төртінші сессиясында айтылды. 

тұрғын үй
Фото: Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

Су тасқыны кезінде Ақтөбе облысы бойынша мыңнан астам үй жарамсыз болып қалды. Қазіргі кезде 511 үй салынып жатыр. Өзгесі дайын үй сатып алады.

Сонымен бірге бүгін облыстық мәслихаттың кезекті он төртінші сессиясында облыс әкімдігі мен Отбасы банк арасындағы келісім туралы айтылды. Депутаттар оның ережесін сұрады.

- Су тасқынынан зардап шеккен ағайындарымызға облыстық бюджеттен 750 мың теңге, Отбасы банкінен тағы 750 мың теңге, екеуін қосқанда 1,5 млрд теңге бөлініп, 100 отбасына құны 15 млн теңге тұратын үй сатып алуға өтініш жасаған едім. Оған қолдау болды. Енді сол баспананы алу ережесі бекіді ме? Әділет департаментінен тіркеуден өтті ме? Шарттары туралы ақпарат керек, - деді Ақтөбе облыстық мәслихат депутаты Марат Қойлыбаев. 

Ақтөбеде алдағы уақытта тасқын кезінде үйі зардап шеккен 100 отбасына үй алуға мүмкіндік жасалады.

- Бір қарыз алушыға ең көп дегенде 15 млн теңге беріледі. Несиелеу ставкасы – 5%. Бастапқы жарна сомасы – 10%. Қарыз мерзімі банк талаптарына сәйкес болады, - деді Ақтөбе облыстық Энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы Арысұлан Айтбаев.

Соңғы жаңалықтар