Су тасқыны: БҚО полицейлеріне Шымкенттен гуманитарлық көмек жеткізілді

ОРАЛ. KAZINFORM — Батысқазақстандық полиция қызметкерлеріне су басқан аумақтардан тұрғындарды эвакуациялау жұмыстары үшін Шымкент қаласынан Қазақстандық спорттық ату федерациясынан гуманитарлық көмек жеткізілді.

су тасқыны
Фото: БҚО полиция департаменті
Батыс Қазақстан облысы
Фото: БҚО полиция департаменті

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, көмек құралдарының ішінен су қаупінен қорғанатын бірнеше қайық, қайық моторлары, құтқару жилеттері, резеңке етік, комбинезондар және басқа заттарды айтуға болады. 

Батыс Қазақстан облысы
Фото: БҚО полиция департаменті

Еліміздің бірнеше облысындағы су тасқынына байланысты табиғи апат аймағындағы тұрғындарға көмек қолын созып жатқан жанашыр жандар аз емес. Бұл – соның бір көрінісі.

Батыс Қазақстан облысынан сайланған Сенат депутаты Ләззат Рысбекова БҚО полиция департаментінің құқықтық тәртіп және арнайы дайындық базасында болып, полицейлердің күштері мен құралдарын дайындау қызметімен танысты.

Батыс Қазақстан
Фото: БҚО полиция департаменті

Полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Арман Оразалиевтің айтуынша, аэроглифер, моторлы қайықтар және басқа арнайы құралдар адамдарды эвакуациялау мен құтқару үшін, сондай-ақ су басу орындарын патрульдеу және ұрлық пен тонауға жол бермеу үшін қолданылатын болады.

Батыс Қазақстан облысы
Фото: БҚО полиция департаменті

«Тәулік бойы қоғамдық тәртіпті қазіргі уақытта 580 полиция қызметкері, сонымен қатар тәртіп сақшылары резервінің 200 адамы қамтамасыз етуде. Қосымша ҚР Ұлттық ұланы мен ҚР Қорғаныс министрлігінің 500 әскери қызметшісі көмекке келді. Су тасқыны күшейген жағдайда қоғамдық тәртіпті сақтау мен азаматтардың қауіпсіздігін 3 мыңға жуық полицей мен Ұлттық ұлан жауынгерлері қамтамасыз ететін болады. БҚО-дағы жағдай ішкі істер министрінің бақылауында, өңірдегі жағдай оған сағат сайын жеке баяндалады», деді А.Оразалиев.

Батыс Қазақстан облысы
Фото: БҚО полиция департаменті

Батысқазақстандық полицейлер Қазақстандық спорттық ату федерациясына көрсеткен көмегі үшін алғыс білдірді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда 13 мыңнан астам адамның эвакуацияланғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Ирикла су қоймасынан Жайыққа секундына 447 текше метр су жіберіліп жатыр.

Батыс Қазақстан облысы
Фото: БҚО полиция департаменті

 


 

Соңғы жаңалықтар